Бір хот-дог өмірімізді 36 минутқа қысқартады

Бір хот-дог өмірімізді 36 минутқа қысқартады
фото: pixabay.com

Адамның достары мен таныстары неғұрлым көп болса, соғұрлым ол ұзақ өмір сүреді. Мұны Бригам Янг университетінің ғалымдарының зерттеулері растады: адамның әлеуметпен араласуы мен оның өмір сүру ұзақтығы арасында айқын байланыс бар екені анықталды. Жалғыз адамдар отбасы мен достарының ортасында жүргендерге қарағанда аз өмір сүреді, деп хабарлады "Сапалаы Қазақстан" порталы.  

Темекіні тастау және белсенді өмір салтын жүргізу де ұзақ өмір сүруге ықпал етеді. Айтпақшы, бір хот-дог өмірімізді 36 минутқа қысқартады екен. 

Ұзақ өмір сүру - қазіргі заманның ең өзекті тақырыптарының бірі. Әрбір адам ұзақ және дені сау өмір сүруді армандайды. Алайда ұзақ өмір сүрудің сыры тек генетикада ғана емес, күнделікті әдеттерде де екенін ұмытпаған абзал.

Қытайда тұратын 92 жастағы Ли есімді әжей өзінің ұзақ өмір сүру құпиясын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Jianghua TV жазуынша, әжей үйде күн сайын 100 рет отырып-тұру және 200 рет серпеліс (отжимание) жаттығуларын орындайды. Сондай-ақ, Ли демалу үшін әр кеш сайын аяғын ыстық суға салып отырады.

"Бұрын аяқтарым тартылып қалатын, бірақ ыстық суға салғалы бері ондай болмады", – дейді Ли есімді әжей.

Фото: kaz.zakon.kz

Дұрыс тамақтану ережесі:

Артық тамақтанбаңыз: Көп жасаған адамдардың дені күніне екі рет тамақтанды, кешкі асқа жеңіл тағамдар жасады.
Диетаның негізі көкөністер, балық, тұтас астық өнімдері болуы керек.
Қызыл ет - аптасына 1-2 реттен көп емес болмағаны жөн.

  Зерттеулер көрсеткендей, калорияларды шектеу (10-20%) өмірді 20-30% ұзартады, жүрек ауруы мен Альцгеймер ауруы қаупін азайтады.