Ажырасудың басты себебі не? Сауалнама

Ажырасудың басты себебі не? Сауалнама
фото: help-point.net

2024 жылғы 4 наурызда жаңартылған Petrelli Previtera мәліметі бойынша, Қазақстан ажырасу бойынша әлемде Мальдивтен кейінгі екінші орында тұр. ҚР коэффициенті 1000 адамға шаққанда 4,6 тең, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.  

Сарапшылардың айтуынша, елдегі ажырасуға туыстарының араласуы (61%), моральдық шектеулердің болмауы (41%), ажырасудың жеңіл процесі (25%) басты себеп көрінеді.

Қлттық статистика бюросының есебіне бойынша, 2024 жылы Қазақстанда 40,5 мың ажырасу тіркелген.

Әсіресе Шығыс Қазақстан (1000 адамға 3,12), Қарағанды (3,11) және Павлодар (3,09) облыстарында ерлі-зайыптылар жиі ажырасады екен.

Бір қызығы, ажырасудың жоғары деңгейіне қарамастан, қазақстандықтар бұрынғысынша неке институтын бағалайды. Зерттеулер көрсеткендей, ҚР-дағы жастардың 82,5% -ы (18-29 жас) өз болашағын некеде және балалармен көреді.

Ажырасудың басты себебі неде? Қазақстандықтардың бұл тақырыпқа қатысты пікірлерін төмендегі  видеоматериалдан көре аласыздар.