Алматыда су мәселесіне арналған халықаралық фотокөрме ашылды

Алматыда су мәселесіне арналған халықаралық фотокөрме ашылды
фото: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі

Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Су жолы: мұз, өзендер және шөлдер тарихы» атты Халықаралық фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды Сапалы Қазақстан" порталы.

Көрмеге әлемнің әр түкпірінен 22 фотографтың су ресурстарының біртіндеп жойылуы тақырыбына арналған фотосуреттері ұсынылған. 

Фото: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі

«Көрменің басты мақсаты – қазіргі заман өкілдерінің назарын осы маңызды мәселеге аудару. Мұздықтардың, қар мен мұздың климаттық жүйедегі өмірлік маңызы туралы түсініктерді арттыру, сондай-ақ олардың жылдам еруінің болашақтағы салдарлары туралы түсінік беру», - деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлайым Мұсағұлова Жұмабекова.

Экспозицияның негізіне OneWater және ЮНЕСКО-ның су ресурстарын бағалау бойынша Дүниежүзілік бағдарламасы ұйымдастырған Walk of Water халықаралық байқауы аясында жинақталған фотосюжеттер алынған. 600-ден астам жұмыс ішінен су ресурстарының барлық көріністерін – мұздан, өзендерден, шөлдерден және жойылып бара жатқан су көздерінен көрініс беретін визуалды жұмыстар таңдалды. Бұл фотосуреттер тек табиғаттың сұлулығын ғана емес, климаттық өзгерістер жағдайындағы экожүйелердің нәзіктігін де жеткізеді.

Фото: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі

Фото: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі

     Жаһандық қиындықтар жағдайында көрме ЮНЕСКО-ның миссиясы үшін ерекше маңызға ие – ғылымды тұрақты даму мен адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алға жылжыту, сондай-ақ біздің ортақ табиғи және мәдени мұраларымызды қорғау. «Су жолы» суды тек ресурс ретінде емес, біздің ортақ байлығымыз – табиғи, мәдени, рухани және барлық көріністерінде өмірлік маңызы бар дүние ретінде қарауға шақырады.

Фотокөрме 2025 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады.

Фото: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі