Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмекті қабылдайтын орындар ашылды

Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмекті қабылдайтын орындар ашылды
фото: pixabay.com

Алматының 36 емханасында кәдеге жарату үшінмерзімі өткен, пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған дәрі-дәрмектерді тапсыруға арналған контейнерлер орнатылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл не үшін маңызды? 

Дәрі-дәрмектер-қауіпті қалдықтар. Оларды дұрыс тастамау қоршаған ортаға және денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Белсенді заттар топырақ пен суға түсіп, экожүйелер мен адамдарға қауіп төндіреді.

Не тапсыра аласыз? 

Таблеткалар, капсулалар, майлар, кремдер, гельдер, ампулалар, бөтелкелер, сироптар және сұйық ерітінділер.

— Тапсырар алдында препараттарды тығыз пакетке салып, байлаңыз. Қан болған шприцтер, инелер мен медициналық қалдықтарды тапсыра алмайсыз — олар медициналық мекемелерде бөлек жойылады, — делінген хабарламада.

Қабылдау пункттері бар емханалардың толықтізімі EcoNetwork сайтында қолжетімді.

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.