Алматы облысында 21 адам мінген автобус лайға батып қалды

Алматы облысында 21 адам мінген автобус лайға батып қалды
фото: https://pixabay.com/ru/

Құтқарушылар оларды Сарыжаз ауылына жеткізді

Алматы облысында құтқарушылар лайға батып қалған автобус жолаушыларын эвакуациялады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Райымбек ауданындағы Сарыжаз ауылынан 45 шақырым жерде лайға батып қалған автобустан ТЖМ қызметкерлері 21 адамды эвакуациялап, Сарыжаз ауылына жеткізді", - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады.

Төтенше жағдайлар министрлігі таулы және шалғай аймақтарға шыққанда ауа райы мен жол жағдайын ескеру қажеттігін ескертті.

ҚазАқпарат