
фото: pexels.com
Маңғыстау облысында 12-інші перзентін өмірге әкелген алтын құрсақты ана аман-есен үйіне шықты. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Алайда Ақмоншақ Жақсылықова балаларым баспанаға сыймай жатыр дейді. Небәрі 35 жасында 12 құрсақ көтерген ана екі бөлмелі үйдің жылдан‑жылға тарылып бара жатқанын айтады.
Батыр ана сегізінші сәбиін босанғанда жергілікті аудан әкімдігі 2 бөлмелі пәтер сыйлапты. Одан бері бұл отбасыға жаңа мүшелер қосылып, адам саны көбейген. Қуықтай екі бөлмеде кішкентайлар да емін-еркін аунап-қунап ойнай алмайды.
Алтын алқалы ананың қазір 2 ұл, 10 қызы бар. Бір қызығы, әулетінің үлкен келіні Ақмоншақ Жақсылықованың туған анасы да, өз енесі де тоғыз баланы дүниеге әкеліпті.
Ақмоншақ Жақсылықова, көпбалалы ана: — 2020 жылы осы екі бөлмелі пәтерді алдым. Алтыншы баламды босанған уақытымда алтын алқамен қоса берілді. Рақметімді айтамын. Енді осы алдағы уақытта күтіп отырғанымыз – балаларымның алды, міне, 14-ке келді. Өсіп келе жатыр. Соған қарай үш-төрт бөлме берсе деген үміттеміз. Сол — мақсатымыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через