109 қазақстандық Ираннан елге оралды

109 қазақстандық Ираннан елге оралды
фото: @sputnik_aitady

Ираннан 109 қазақстандық шұғыл эвакуацияланды

Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты Ираннан өз азаматтарын эвакуациялады.

Сыртқы істер министрлігі құзыретті мемлекеттік органдар мен шетелдегі дипломатиялық өкілдіктермен бірлесіп, 109 отандасымызды елге қайтарды.

"Эвакуация өңірдің достас мемлекеттерінің аумақтары арқылы транзитпен жүзеге асырылды, атап айтқанда 89 адам Ираннан Түрікменстан арқылы және 20 адам Әзербайжан арқылы өтті. Барлық азаматқа консулдық-құқықтық көмек көрсетілді және елге оралу үшін қажетті жағдай жасалды", - делінген ресми хабарламада.

Осы орайда министрлік Иран, Түрікменстан және Әзербайжан билігіне қазақстандықтарды қауіпсіз және уақтылы эвакуациялау бойынша бірлескен іс-қимыл көрсеткені үшін ризашылық білдірді.

ҚазАқпарат