
фото: Ақтөбе халықаралық әуежайы
Ақтөбеге шұғыл қонған ресейлік ұшақ бортында көз жұмған әйел Ресей азаматы екені белгілі болды.
Ұшақ жолаушының денсаулығының кенет нашарлауына байланысты шұғыл қонды. Қонғаннан кейін ұшаққа медициналық бригада жіберілді.
"1983 жылы туған жолаушы әйел ұшақ Ақтөбеге қонбай жатып қайтыс болды", - деп хабарлады бұған дейін Ақтөбе әуежайындағылар.
Еске салайық, ұшақ Екатеринбургтен Сочиге ұшып бара жатқан, бірақ оқыс жағдайға байланысты Ақтөбеге қонуға мәжбүр болған.
Әуе кемесінің бортында 564 жолаушы болған.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через