
фото: https://pixabay.com/ru/users/l
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков табысын ашық көрсеткен блогерлерге қатысты түсінік берді.
«Қазір шамамен 850 блогерге хабарлама жіберілді. Оның жартысынан сәл азы, яғни 360-қа жуық блогер өз еркімен 10,5 млрд теңге сомасындағы табысын растады. Төлем 256 млн теңге (салық) болды. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр. Атап айтқанда, жалпы 850 блогер қамтылған еді», – деді Дәурен Темірбеков Парламент Мәжілісінде 2024 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін талқылаудан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, егер қалғандары салық төлемесе, онда заңнамаға сәйкес тиісті іс-шаралар, яғни мәжбүрлеп өндіріп алу іс-қимылдары жасалады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через