Кене шаққан кезде нені ескерген жөн

Кене шаққан кезде нені ескерген жөн
фото: https://www.istockphoto.com/ru/portfolio/Nataba

Алматыда кене шағу жағдайлары жиілей түсті. Биыл 914 адам дәрігер көмегіне жүгінген, олардың арасында 409 науқас 14 жасқа толмаған балалар. Абырой болғанда, барлығы дер кезінде медициналық көмек алып, кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин қабылдаған. Мамандардың айтуынша, биыл қалада кенеден жұғатын қауіпті инфекция тіркелмеген.

Айта кетейік, шаһарда шұғыл медициналық көмек 5 емханада көрсетіледі. Оның төртеуі ересектерге, біреуі балаларға арналған. Ал дәрігерлер табиғат аясына шыққанда қорғану шараларын ұмытпауға, ал кене шағу жағдайында төрт күннен кешіктірмей травматологиялық пункке жүгінуге кеңес береді. Ал кене шаққан жағдайда не істеу керек? 

№ 14 қалалық емхананың дәрігер-эпидемиологі Әсел Қондыбаева тікелей эфирде жауап береді.

– Әсел Серіккызы, кене шағудан қорғанудың қарапайым тәсілдері қандай?

«Жаз мезгілінде кене шағу жағдай көп тіркеліп жатыр. Сол себепті тұрғындарға кенеден қорғанудың қарапайым тәсілдерін айтып өткім келіп отыр. Ең бірінші табиғат аясына барған кезде, тауда немесе саябаққа тағы басқа жерлерге барған кезде ашық киім киюге, сонымен қатар жабық, қолы, жеңі, аяғы жабық киімдер киюге шақырамыз. Сонымен қатар бас киімі де жабық болған дұрыс. Көбінесе аяғы, яғни шалбарының балағы жабық болғаны дұрыс. Себебі шөптер арқылы кенелер адам ағзасына тез еніп кетуі мүмкін. Сонымен қатар үй жануарлары болатын болса, үй жануарларына қатты жақындамауға шақырамыз.

 Егерде табиғат аясына, тауға баратын болсаңыздар жиі, аңшылар, балықшылар тағы да басқа табиғат аясына жиі баратын адамдар жергілікті емханасы бойынша вацинация алуға шақырамыз. Көктем кезінде басталды. Яғни сәуір, мамыр айынан бастап екпе егеміз. Ол үш этаптан тұрады. Бірінші дозаны алғаннан кейін, екінші дозаны үш ай арасында алу керек. Одан кейін үшінші дозаны 6-12 ай аралығында алу керек. Себебі бір ғана дозаны алғаннан адамда тұрақты имунитет қалыптаспайды. Одан кейін де ары қарай ревакцинациялар бар. Ол әр үш жыл сайын, біріншісін 3 жылдан кейін, содан кейін 5 жылдан кейін салынып отырады. 60 жастан асқан қарттарға әр 3 жыл сайын ревакцинациялау жүргізіледі».

– Кене шаққаннан кейін қандай аурулар пайда болады? Қандай аурулар тарайды?

«Кене шаққаннан кейін көбінесе кене цифалиті, кене борилозі, гемарагиялық қызба деген сияқты адамға өте қауіпті инфекциялық аурулар пайда болуы мүмкін. Сол себепті кененің шағу жағдайын, яғни тістеуін білген жағдайда міндетті түрде травмотологиялық пункті бар медициналық мекемелерге жүгінген абзал. Себебі 72 сағаттың ішінде зардап шеккен адамға иммуноглобулин енгізу керек, кене цифалитіне қарсы. Кене цифалитінің негізгі клиникасына тоқталып өтетін болсақ, ол жаңағы дене қызуының көтерілуі, бас ауру, жүрек айну, құсу, жалпы әлсіздік, бұлшықет пен сүйектердің ауырсынуы мүмкін. Егер кене шаққаннан кейін инкубациялық кезең – 21 күн. Сол аралықта осындай клиникалар байқалса шұғыл түрде ауруханаға жүгінген абзал. Себебі бұл – өте қауіпті. Жұлынды, орталық жүйке жүйесін зақымдаумен жүретін мүгедектікке дейін, өлім жағдайына дейін алып келуі мүмкін. 

Кене шаққаннан кейін 21 күн ішінде жаңағы кене цифалитін алу мақсатында амбуляториялық жағдайда медициналық қызметкерлер 21 күн зардап шеккен адамды бақылайды, яғни температурасын өлшеу арқылы біліп, қадағалап отырамыз. Сонымен қатар неврапотологқа да консультацияға жіберіледі»

https://almaty.tv/kz/