Ел қоржынында 9 медаль

Ел қоржынында 9 медаль
фото: видеодан алынған кадр

Қазақстандық дзюдошылар Қазақстан барысы Grand Slam жарысында 9 медальды еншіледі. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Астанада үш күн қатарынан өткен әлемдік додада ұлттық құрама қоржыны 3 күміс және 6 қола медальмен толығып, жалпы есепте 9-шы орынға тұрақтады. 

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында ұйымдастырылған жарысқа әлемнің 44 елінен 350-ден астам спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Олардың арасында Олимпиада чемпиондары мен әлем біріншілігінің жеңімпаздары да бар. 

Үшінші жыл қатарынан өткізілген сайыста Жапония құрамасы үшінші орынды місе тұтса, Оңтүстік Корея екінші орынға табан тіреді. Ал Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасы жеңіс тұғырынан көрінді. 

Тартысты бәсекені мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер тамашалады.