Димаш Құдайберген «Тау ішінде» атты жаңа әніне челлендж жариялады

Димаш Құдайберген «Тау ішінде» атты жаңа әніне челлендж жариялады
фото: dimashnews https://kaz.inform.kz/news/dimash-kudaybergen

Осы әнге түсірілген және ең көп қаралым жинаған қызықты видео авторына үлкен сыйлық беріледі, деп хабарлайды Dimashnews.

15 мамыр күні сағат 20:00–де (Астана уақытымен) Димаш Құдайбергеннің YouTube желісінде «Тау ішінде» атты жаңа бейнебаянының премьерасы өтеді.

Премьераға орай челлендж жарияланды: осы трекке түсірілген және ең көп қаралым жинаған қызықты видео авторына үлкен сыйлық дайын.

Шарттары:

   Видеоның ұзақтығы 30 секундқа дейін болуы керек.
   TikTok немесе Instagram платформаларында жариялау.
   Хэштег: #TauIshindeChallenge.

   — Челлендж 2025 жылғы 8 мамыр мен 25 мамыр аралығында өтеді. Жүлде — жеңімпаз өз таңдауы бойынша Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне жолдама алады (Барселона, Берлин, Лондон немесе Рига). Ұшу және тұру шығындары толық қамтылады. Нәтижесі — 26 мамырда Алматы қаласында өтетін фан-кездесуде жарияланады, — делінген хабарламада.

https://kaz.inform.kz/