Чехияда туристер іші алтынға тола жәшік тауып алды

Чехияда туристер іші алтынға тола жәшік тауып алды
фото: nypost.com

Жәшіктен 10 алтын білезік, 17 шылымқап, шағын қорап пен тарақ және 598 дана алтын монета шыққан.

Крконошах орманында жаяу келе жатқан екі турист жартастан бұрышы шығып тұрған қорапты көздері шалған. Құны 100 мыңдаған доллар болатын олжа Градец-Кралов қаласындағы музейге табысталды.

Оны ашып, олжаны тапқаннан кейін олар оны дереу жақын маңдағы Градец-Кралов қаласындағы Шығыс Чехия мұражайына апарған.

Мұражайдың археологиялық бөлім басшысы Мирослав Новактың айтуынша, қазына әлі де бағалануда, өйткені сигара қораптарының екеуі әлі ашылмаған. Салмағы 8,16 фунт болатын монеталардың металл құны шамамен 360 000 долларды құрайды.

"Бұл екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейінгі, чехтар мен еврей халқының шекаралық аймақты тастап кетуіне немесе немістер кетіп бара жатқан 1945 жылға дейінгі аласапыранмен байланысты болуы мүмкін", - деді Мирослав Новак.

ҚазАқпарат