Ақтөбелік адам ішкі ағзасын 15 млн теңгеге сатпақ болған

Ақтөбелік адам ішкі ағзасын 15 млн теңгеге сатпақ болған
фото: https://pixabay.com/ru/

Ол ішкі органдарын 15 млн теңгеге бағалаған

Ақтөбе тұрғыны ішкі ағзасын заңсыз сатпақ болған, деп хабарлады Бас прокуратура.

Ақтөбе қаласының тұрғыны өзінің ішкі органын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болғаны әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында нықталған.

Алынған мәліметтер негізінде облыстық полиция департаменті жедел іс-шаралар жүргізді.

"2025 жылдың 30 сәуірінде жедел іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалпы сомасы 15 млн теңгеге адамның ішкі органдарын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болған күдіктіні ұстады", - деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚазАқпарат