Алматыда Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары ұсынылады

Алматыда Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары ұсынылады
фото: Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі

Алматыда «Қытай өнерінің ой-мақсаттары – Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары» атты көрмесі ашылады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл шараны Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі Қытайдың Ұлттық өнер музейімен бірлесе отырып, Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырады. 

 Экспозицияға кескіндеме, графика және мүсіннің 50-ге жуық туындысы енген. Олар Қытай өнері шеберлерінің шығармашылық жетістіктерімен таныстырады.

Көрменің ашылуы 2025 жылдың 5 маусымында, сағат 14:00-де өтеді. БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур 13:00-де басталады.

2018 жылы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі Жібек жолы музейлері мен галереялары Халықаралық альянсының құрамына кірді. Кәсіби өнер ұйымдарын біріктіру бастамасы Қытай Ұлттық музейіне тиесілі және қатысушы елдер арасында мәдени ынтымақтастық пен өзара тәжірибе алмасуға бағытталған.

«Қытай өнерінің ой-мақсаттары – Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары» көрме жобасы ұлттық өнерді насихаттауға арналған маңызды мәдени алмасу бағдарламаларының бір бөлігі болып табылады. Қазақстандық көрермендер үшін Пекиндегі жетекші өнер музейімен ұсынылған қытай өнерінің үздік үлгілерімен танысуға тамаша мүмкіндік, - дейді көрмені ұйымдастырушылар. 

Мүсін, кескіндеме, акварель, гуаш және дәстүрлі қытай кескіндемесі сиямен қағазға салынған туындылар ХХ-ХХI ғасырлардағы Қытайдың белгілі суретшілері жазған, олар Сиэйи өнерінің дәстүрін дамытады. Шеберлер өздерінің шығармашылық ізденістерінде стиль, техника және материалдардың ерекшеліктері арқылы тек сыртқы бейненің шындығын ғана емес, сонымен қатар оның ішкі рухани мәнін де ашады.

Көрме 2025 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады.