
фото: видео кадры https://kaz.tengrinews.kz/
Алматы – Бішкек тасжолының 44-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, адам өліміне әкелді. Апатқа себеп болған – жүк көлігі тіркемесінің ажырап кетуі. Оқиғаның мән-жайын Алматы облысының Полиция департаменті хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны КамАЗ маркалы жүк көлігін басқарып келе жатқанда тіркеме ажырап кеткен.
"Бақылаудан шыққан тіркеме қарсы жолаққа шығып кетіп, Geely көлігімен соқтығысқан, ал Geely көлігі инерциямен KIA Sportage автокөлігіне соғылған. Ауыр апат салдарынан оқиға орнында төр адам, оның ішінде Geely жүргізушісі қаза тапты", – делінген полиция мәлімдемесінде.
Жол-көлік оқиғасы болған жерден түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде жарияланды.
https://kaz.tengrinews.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через