
фото: russian.alibaba.com
Жасанды интелект дамыған сайын әлемде күн сайын неше түрлі жаңалық көпшілік назарын аударып жатыр. Осындай жағымды жаңалықтар қатарына "ақылды айна" туындысын жатқызуға болдаы, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы.
Лондондағы технологиялар көрмесінде «ақылды айналар» көпшілікке көрсетілді. Өнертапқыштар ол спорттық залдағы жатықтырушы мен құрылғыларды алмастыратынын айтады. 24.kz атап өткеніндей, айна бетінде интерактивті дисплей орнатылған. Онда танымал споршы бейнесінде виртуалды жаттықтырушы пайда болып, тапсырмалар береді.
Ал жасанды интеллект адамның қозғалысын бақылап, алынған деректерді шынайы уақыт тәртібінде саралайды. Артынша өз ұсынымдарын береді. Өнертапқыштар бұл арқылы спортзалға барып шығынданбауға болатынын айтады. Бұдан бөлек, өлшемі үлкен жабдықпен салыстырғанда «ақылды айнаның» үйде көп орын алмайтыны тағы анық.

Фото: Baidu.
Қытайлық Baidu компаниясы ЖИ-жаттықтырушысы бар фитнеске арналған «ақылды» айнаны әзірледі - құрылғы Smart Fitness Mirror деп аталады.
Қосылмаған жағдайда тік айнаның әдеттегіден айырмашылығы жоқ, бірақ оны қосқан кезде панельдің астына орнатылған 43 дюймдік IPS-экран жанады. Осылайша құрылғы кәсіби фитнес-жаттықтырушыға айналады - экранда нақты уақыт режимінде түрлі фитнес-жаттығуларды көрсететін және олардың дұрыс орындалуын қадағалайтын виртуалды жаттықтырушы пайда болады.
Сонымен қатар, Smart Fitness Mirror секундына 60 кадрға дейінгі жылдамдықпен 2К форматында бейнені таспаға жаза алады.
Компанияның атап өтуінше, апта сайын Baidu компаниясының штаттағы спортшылары мен жаттықтырушылары жаттығулардың жаңа кешендерін қоса отырып, сабақ түрлерін жаңартып отырады.
«Ақылды» айна екі конфигурацияда сатылымға шықты - Pioneer нұсқасын $662-ге сатып алуға болады, ал флагмандық нұсқасы $740 тұрады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через