Халық әртісі Майра Ильясова ән кешіне шақырады

Халық әртісі Майра Ильясова ән кешіне шақырады
фото: Майра Ілиясова продюсерлік орталығы

Қазақстанның Халық әртісі, әнші, продюсер Майра Ильясова Астанада өтетін шығармашылық кешіне шақырады, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.

 Өзінің ерекше дауысы және қазақы нақыштағы үнімен көпшіліктің көңілінен шыға білген өнер иесі  алдағы дүбірлі кешін «Ән Майра, Әнші Майра, Ару Майра» деп атап отыр. Кештің бұлай аталуы тегін емес. Өйткені  Майра Ілиясова - ұлттық өнерді дәріптеуші әрі халық әндері мен қазақ композиторлары  туындыларынының тұрақты орындаушысы, бірқатар ауқымды жобалардың авторы ретінде қазақ өнеріне сіңген еңбегі зор, көрнекті тұлға. Әншінің тың бастамалары мен өнер жолындағы сара жолы - келер ұрпаққа үлгі болатыны анық.

 Белгілі продюсер бір сұхбатында "Мен негізі әнші боламын деп ойлаған емеспін.  Халық шаруашылығы институтына түсіп, экономист мамандығын игерсем деп армандаған едім. Ән мені өзі іздеп келді, өмір бойы ертіп жүріп, жол көрсетті", -  деп ағынан жарылған еді.

 «Сапалы Қазақстан» порталы Майра ханымға алдағы кештің сапалы өтуіне және қазақ өнерін қолдайтын тыңдармандар қатарының көбеюіне тілектестігін білдіреді.

 Фото: Майра Ілиясова продюсерлік орталығы

 Мамыр айының 11-не жоспарланған «Ән Майра, Әнші Майра, Ару Майра» атты концертте әсем әндер, жүректі елжіретер ескірмес туындылар орындалады. ​​​ ​

 Кеш қонақтары:

Мақпал Жүнісова,

Бағдат Сәмидинова

Қанат-Света Айтбаевтар

«МузАРТ»

Қыдырәлі-Қарақат

Маржан Арапбаева

Сүндет Байғожин

Алишер Каримов

 Кеш жүргізушілері:

Ғалымжан Кеңшілік

Ләйлә Сұлтанқызы

Бексұлтан Әкімжан

 Өтетін орны: «QAZAQSTAN» ОРТАЛЫҚ КОНЦЕРТ ЗАЛЫ​

Өтетін күні: 11. 05. 2025ж. ​

​Уақыты: 15.00​​

Мекен-жайы: Астана қ. Мәңгілік ел, 10/1