Үш мегаполисте 13 заңсыз мал сою цехы табылды

Үш мегаполисте 13 заңсыз мал сою цехы табылды
фото: Polisia.kz https://kaz.inform.kz

       Астана, Алматы және Шымкент қалаларында заңсыз мал сою цехтары анықталды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

       Мал ұрлығының алдын алу және қылмыстарды ашу мақсатында ІІМ тұрақты түрде алдын алу іс-шараларын өткізеді. 11-31 наурыз аралығында кезекті рет республикалық кең ауқымды «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. 21 күндік операция барысында 54 мыңнан астам мал тасымалдаған автокөлік, 17 мыңнан астам сатып алу орындары, 28,5 мың шаруа қожалығы және фермалар тексерілді.

       Алматы облысында мал ұрыларының екі тобы ұсталды. Олардың бірі жергілікті тұрғындардан 16 ірі қара малды ұрлап, 11 қылмыс жасаған. Ал екінші қылмыстық топ 9 ұрлық жасап, 103 ұсақ малды қолды еткен.

       Сонымен қатар Жамбыл облысында жергілікті тұрғындардан 28 жылқыны ұрлап әкеткен үш адамнан тұратын топ ұсталды. Уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде биылғы жылы мал ұрлығы 26%-ға пайызға төмендеді.

       Осыған дейін жыл басынан мал ұрлығы қай өңірлерде көп анықталды.

       https://kaz.inform.kz/