Қытай ядролық батареяларды жаппай өндіруге кірісті

Қытай ядролық батареяларды жаппай өндіруге кірісті
фото: Betavolt/www.ixbt.com

Жаңа батарея  50 жыл бойы қуат алмай-ақ жұмыс істейді. Ол  радиация шығармайды, ал жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін кәдімгі мысқа айналады, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.

Қытайлық Betavolt Technology компаниясы ядролық батареяны шығаратыны туралы алғаш рет 2024 жылдың басында жариялады, деп хабарлады Hi-Tech Mail. Енді БАҚ-та радионуклидті аккумулятордың прототипі жаппай өндіріске түседі деген ақпарат тарады.

 Естеріңізге сала кетейік, BV100 ядролық батареясы никель-63 радиоактивті изотопына негізделген. Ол толық қауіпсіз, өйткені тозу процесінде жылу бөлмейді (жарылыс қаупі жоқ) және тұрақты мысқа айналады. Қызмет көрсету немесе қайта зарядтау қажеттілігінсіз мәлімделген қызмет ету мерзімі 50 + жыл. Жаппай дайындауға арналған батареяның ағымдағы нұсқасы жалпы қуаты 100 микроватт болғанда 3 В кернеуге ие.

 BV100 литий-ионды баламалардан 10 есе асатын энергия тығыздығына ие. Ал электр қуатының жарты ғасырлық қорынан басқа, аккумулятордың жұмыс температурасы киллер-фич болып табылады. BV100 өз функцияларын − 60-тан + 120 градус Цельсийге дейінгі температуралық режимде орындайды.

 Betavolt Technology компаниясының жаңа ядролық батареясын жекелегн қондырғыларға болмаса барлық мақсатта пайдалануға жарамайды.

Компания 2025 жылдың соңына дейін өндіруші қуаты 1 Ватт BV100 модификациясын шығаруға уәде береді. BV100 және оның неғұрлым қуатты модификациясы медициналық аспаптар, микроэлектроника, дрондар және аэроғарыш саласында қолданылуы ықтимал.