Қазақстанда дәрі-дәрмекті таңбалау қалай жүріп жатыр

Қазақстанда дәрі-дәрмекті таңбалау қалай жүріп жатыр
фото: https://www.istockphoto.com/

       Елде 2019 жылдан бастап дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр.

— Атап айтқанда, нормативтік құқықтық база дайындалып, таңбалаудың бизнес-процестері сыналды. Яғни қатысушыны тіркеу, дәрілік заттарды ұлттық каталогта тіркеу, таңбалау кодтарының эмиссиясы, елдің өндірістік алаңдарында таңбалау кодтарын тікелей қолдану тәсілімен дәрілік заттарды бір меншік иесінен екіншісіне беру, айналымнан шығару жұмыстары пилоттық жобада қамтылды, — делінген Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта.

       Ведомстводан мәлім еткендей, жобаға отандық және шетелдік өндірушілер, СК-Фармация ЖШС, дистрибьюторлар, медициналық ұйымдар, жалпы 23 ұйым қатысты.

       Пилоттық бағдарлама аясында DataMatrix дәрілік затының қаптамасына салынған кодтың көмегімен өндірушіден медициналық және дәріхана ұйымдарында айналымнан шығаруға дейінгі қадағалау процесі тексерілді.

      — Дәрілік заттарды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі дәрілік заттардың айналымын анағұрлым айқын етеді және контрафактілік өнімдердің айналымынан қорғаудың негізгі құралдарының бірі. POS-терминалдар көмегімен сканерлеуге болады. Әрбір дәрілік заттың қаптамасында бірегей Data Matrix цифрлық кодтары бар. Бұл сатып алынатын препараттың оргининал екенін тексеруге мүмкіндік береді. Қазір тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде 19 отандық тауар өндіруші, 276 көтерме сату субъектісі, бөлшек саудада өткізудің 3172 субъектісі, МӘМС және ТМККК шеңберінде қызметті жүзеге асыратын 19 001 медицина мекемесі тіркелген, — делінген хабарламада.

       Елімізде барлық дәрі-дәрмекті міндетті цифрлық таңбалау 2024 жылдың 1 шілдесінде енгізілді.

       Аталған шара контрафактілік өнімдермен күресуге және дәрі-дәрмек нарығының ашықтығын арттыруға бағытталған.

       https://kaz.inform.kz/