
фото: pixabay.com
Қытай тағы да алға озды. Бұл жолы санды технология саласында өзге мемлекеттерден бір қадам ілгері шықты. Нақтырақ айтсақ, бұл жолы Хэбэй провинциясының Сунань уезінде әлемдегі алғашқы кең жолақты 10G желісі ресми түрде іске қосылды, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы.
Жаңа технология жүктеу жылдамдығын секундына 9 834 мегабитке дейін жеткізіп, байланыс кідірісін 3 милиссекундқа дейін азайтқан. Мәселен, көлемі 20 гигабайттық жоғары сапалы фильмді секундына 1 гигабит жылдамдықпен жүктеу үшін әдетте 7–10 минут қажет. Ал жаңа 10G желісімен дәл сол фильмді небәрі 20 секундта жүктеп алуға болады.
10G дегеніміз не: Оның 5G айырмашылығы неде?
Бұл жерде кейбір азаматтар 10G терминін түсінуге келгенде қателесуі мүмкін. Себебі 5G стандартының логикалық жалғасы 6G стандарты болуы тиіс. Бірақ шын мәнінде әңгіме мүлдем басқа технология туралы, яғни ұялы байланыс туралы емес, тіркелген оптикалық талшықты желі туралы болып отыр.
50G PON (Passive Optical Network) технологиясы - жаңа буынның пассивті оптикалық желісіне негізделген. Жылдамдық көптеген факторлардың әсеріне ұшырайтын ұтқыр желілерге қарағанда, 10G тұрақты және кепілдендірілген өткізу қабілетін қамтамасыз етеді.
3G, 4G және 5G айырмашылықтары
3G, 4G және 5G - бұл әртүрлі ұялы байланыс түрлері, олардың атауларындағы сандар олардың буындарын білдіреді:
3G. 2000 жылдардың басында пайда болды, төмен сапалы онлайн бейнені көруге мүмкіндік бере отырып, 2-3 Мбит/с дейін деректерді беру жылдамдығын қамтамасыз етті.
4G. 2010 жылдан кейін таралады, 100-300 Мбит/с диапазонындағы нақты жылдамдықпен сипатталады және 4K дейін жоғары онлайн-бейнені көруге мүмкіндік береді.
5G. 2020 жылдан кейін 1-ден 10 Гбит/с жылдамдықты қамтамасыз ете отырып, ең жоғары сапалы бейнені ыңғайлы көруге ғана емес, сондай-ақ секундтар ішінде тұтас фильмдерді жүктеуге мүмкіндік береді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через