
фото: https://pixabay.com/ru/
Үш адам көз жұмып, тағы он адам ауруханаға жеткізілді
Өзбекстанның Әндіжан облысындағы мешітте газдың жарылуынан үш адам қаза тауып, тағы он адам жараланды, деп хабарлады РИА Новости Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жарылыс салдарынан үш азамат қаза тауып, тағы он адам ауруханаға жеткізілді", - делінген ТЖМ-нің Telegram каналында жарияланған хабарламада.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Әндіжан облысының Ізбасқан ауданында орналасқан мешіттердің бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, алты адамның зардап шеккенін хабарлаған. Облыс хокимиятының (әкімдік) баспасөз қызметі жарылыс салдарынан мешіттегі дәрет алатын бөлме опырылып түскенін хабарлады, үйінділер тазартылып жатыр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через