Өзбек туристері Қазақстанды көргісі келеді

Өзбек туристері Қазақстанды көргісі келеді
фото: pixabay.com

Өзбек туристері арасында Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, мен Сауд Арабиясы тартымды бағыттардың қатарына енді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ал экзотикалық елдерге көршілеріміз бара бермейтін болып шықты. «Веон эд Тич» зерттеу орталығының жүргізген сауалнама нәтижесі көрсеткендей ала шапанды ағайындар көбіне Қазақстаннның киелі жерлеріне ат басын тірейді. Ол: Түркістан мен көне Тараз. маңғаз Маңғыстау мен Алматы облыстары. 

Фото: pixabay.com.

Қазақстан мен Өзбекстанның қажылық туризм саласында ынтымақтастық орнаған. 

Арнайы жол картасы жұмыс істейді. Бұл қадам екі халық арасындағы барыс-келіс ағынын арттырып қана қоймай, туризм индустриясын дамытуға септігін тигізіп отыр. Туристік компаниялар өзара ақпарат алмасады. Саяхатшыларға жол жеңілдіктер жасалады. Мысалы, шекаралық пункттерден кедергісіз өту қарастырылған. 

Туристердің артуына тағы бір себеп, екі ел арасындағы теміржол мен көлік қатынасының жандануы. 

Бұл орайда «Жібек Жолы» туристік пойызын ерекше атап өткен жөн. 10 вагоннан тұратын теміржол көлігімен 312 адам қос мемлекеттің көрікті жерлерін аралай алады. Алдағы уақытта вагон санын 20-ға жеткізіп, 700-дей жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр. Сондай-ақ автобус маршурттарының саны да артты. Биылдан бастап Бұқара-Түркістан, Ургеніш-Ақтау, Ферғана-Алматы бағытында жаңа рейстер ашылды. 

Сауалнама:

 - Қазақстанға бару жоспарда бар. Әсіресе Астананы көргім келеді. Ол жаңа шаһар. Болашағы зор қала. Зәулім ғимараттарымен сәулеті керемет. Барша қазақ халқын жақсы көремін. Олар біздің бауырларымыз.

 - Мен Қазақстанда, оның ішінде Шымкент қаласында болдым. Қызымды би жарысына апардым. Маған қатты ұнады. Адамдары ашық жарқын екен. Тағы бір байқағаным, Шымкентте жастар көп. Енді Астана мен Алматыға баруды жоспарлап отырмыз. 

- Қазақстанға барған емеспін. Бірақ естігенім көп. Бауырлас халық болғаннан кейін тілеулеспін. Әлемдік спорттық жарыстарда қазақ спортшыларына жанкүйер болам. Әрине, сапарлап қайту ойда бар.  

Фото: pixabay.com.

Сауаланамаға қатысқандардың дені Қазақстан жайлы, оның көрікті жерлері жайлы білетін болып шықты. Жалпы Өзбекстан биылдан бастап туризм саласына ерекше ден қойып отыр. Туризмнің жаңа бағыттарын дамыту көзделген. Олар: өндірістік туризм, геологиялық, ғылыми, және әскери туризм. Оның сыртында кәсіби гидттерді оқыту, олардың шет тілін меңгеруі мен тарихты терең білуіне қолайлы жағдай жасалған. 

Қорыта айтқанда, Өзбекстан туризм саласын бюджет қазынасын толтырудың құралы деп біледі. Сол мақсатта 2030 жылы елге 10 млн шетелдік туристі тарту жоспары тұр.