
фото: pixabay.com
Семейде оқушы қызды зорлады деген мұғалімге сот үкім кесті. Судья оны педагог мәртебесінен айырып, өмір бойына темір торға қамады, деп жазды ktk.kz сайты.
32 жастағы ұстаз 2016 жылы жергілікті жоғарғы оқу орындарының бірін тәмамдаған. Ол оқушыларға үш жыл бойы алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген.
Алайда мұғалімнің көзі сегізінші сыныпта оқитын қызға түскен көрінеді. Артынша оған күш көрсетіп арам ойын жүзеге асырған. Ал сотта кінәсін мойындаған жоқ.
Дегенмен істі саралаған судья ұстаздың «зорлық көрсеткені дәлелденді» дейді. Енді ол қалған өмірін абақтыда өткізетін болды.
Нияз Хасенбаев, Абай облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы: — ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігіндегі қылмысты жасаған үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына педагог қызметін атқару құқығынан айырылды, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтейді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через