
фото: https://miralight.kz/
Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры – көптеген өнер саңлағын дүниеге әкелген әсем қала Алматы қаласының театрсүйер көрерменімен дидарласып, шығармашылық жетістіктерімен бөлісіп, қала халқына шоқтығы биік туындыларын паш етпек ниетте.
Іс-шара: Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры ұжымының Алматы қаласына гастрольдік іс-сапары
Өтетін орны: Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Өтетін күндері: 15-19 сәуір аралығы, 2025 жыл
Мақсаты: 2025 жылдың жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отырған сапардың мақсаты, театр ұжымының тәжірибе алмасуына жағдай жасау; Театр ұжымдары арасында өзара байланыс орнатып, режиссерлар, сценографтар, актерлар, сахна мамандарының шығармашылық әлеуетін көтеру;
Алматы қаласының көрермендеріне 5 қойылым ұсынылады:
15 сәуір күні Асылбек Ихсанның «Қасым хан» тарихи драмасы
(Қазақ хандығының төртінші ханы, әйгілі қолбасшы Қасым Жәнібекұлының өмір жолы мен хандық құрған уақытындағы тарихи оқиғалар сипатталады)
16 сәуір күні Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» драмасы
(Жазушының танымал туындысының негізінде сахналанған қойылым Ербол мен Меңтайдың шынайы махаббаттын, ғашықтық хикаясын, адал достықты сипаттайды)
17 сәуір күні Мәлік Отарбаевтың «Баянды бақ» /өң мен түс/ қойылымы
(Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде атамекенінен еріксіз жер аударылған месхетиялық түріктердің ауыр тағдыры баяндалады. Жасмин есімді түрік қызының бастан-кешкендері, қазақ жеріне тап болуы оқиғаға арқау етілген. Ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңдегі халықтар арасындағы достық, бауырмалдықты суреттейді)
18 cәуір күні Әлия Дәулетбаеваның «Толқындар жағада өледі» /үлкендерге арналған ертегі/ қойылымы
(Еуропаға бет алған босқындардың тағдыры туралы ащы шындықты аралда қалған балалардың ойымен баяндайды. Балалардың арманын, болашағын, өмірін талқандаған әлемдегі болып жатқан оқиғаларды қатаң сынайды)
19 сәуір күні Әлішер Рахаттың «Қыр баласы» драмасы
(Қазақтың белгілі бард-ақыны Табылды Досымовтың өмірі мен шығармашылығы, жастық кезеңі мен өмірінің соңғы шағы баяндалады)
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через