"Лүпіл" баспасаң жұмысыңнан кетесің..."

"Лүпіл" баспасаң  жұмысыңнан кетесің..."
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/tolgart

       Осылайша Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығында қызметкерлерге қысым көрсетілгені айтылып жатыр. Әлеуметтік желідегі посттарға  лүпіл баспағаны үшін сөгіс алып, тіпті жұмыстан айыру қаупі болған.

       Бір қызметкер қатты күйзелістен есінен танып, жедел жәрдем шақыртуға мәжбүр болғаны да хабарланды.

       Не үшін? Себебі -- Instsgram  мен Facebook-тағы парақшаларға  лайк басу, пікір қалдыру сынды "цифрлық белсенділікті" басшылық қатаң бақылауда ұстайды екен.

       Жастармен жұмыс істеуге арналған орталықтың өзінде осындай жағдайлар орын алуы -- алаңдатарлық.

       Сіз не дейсіз, лүпіл - міндет пе, әлде таңдау ма?, - деп жазады Dauletten өзінің telegram парақшасында.