
фото: pexels.com
Кенелер үнемі аурудың тасымалдаушысы бола бермейді. Көп жағдайда олардың шағуы зиянсыз, бірақ кейбіреулері әртүрлі ауруларды, соның ішінде кене энцефалитін тасымалдауы мүмкін, деп хабарлайды kaz.inform.kz.
Кене энцефалиті келесідей беріледі:
- вирус жұқтырған иксод кенесі жабысқан кезде;
- кенелердің жаппай шабуылы кезінде ешкі, қой, сиырдың шикі сүтінде сирек жағдайда вирус болуы мүмкін;
- кенені жаншығанда немесе шаққан жерін қасығанда.
Кене энцефалиті ауруының белгілері: жалпы әлсіздік, бастың ауруы, жүректің айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, дене температурасының жоғарылауы, кене шаққан жерде гиперемия.

Фото: pexels.com.
Кене энцефалитінің профилактикасы:
Табиғатта демалу кезінде, саяжайда мыналар қажет:
- ұзын жеңді жейде киіп, оны шалбарға, ал шалбарды шұлыққа салыңыз. Бас пен мойынды орамалмен, капюшонмен жабыңыз;
- киім мен денеңізді тексеріп тұрыңыз;
- дененің ашық жерлері мен киімдерді репелленттермен өңдеңіз;
- кене шағып алған жағдайда медициналық ұйымға жүгініңіз.
- медициналық көмекке жүгіну мүмкіндігі болмаған кезде кенені өзіңіз алып тастаңыз (кенеге бір тамшы май тамызып, пинцетпен немесе жіппен қозғап, біртіндеп алыңыз;
Егер тұмсығы теріде қалса, оны тікен сияқты алып тастаңыз, шаққан жерге йод жағып, қолыңызды мұқият жуыңыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через