
фото: https://pixabay.com/ru/
Банк мамандары дереу дүкенге барған
Kaspi банк терминалдан тоқ соққан баланы емдеп шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын мәлімдеді.
"Біз болған жағдайға қатты өкінеміз. Баланы емдеуге барынша көмек көрсетіп жатырмыз. Отбасымен хабарласып отырмыз. Баланың тез жазылуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бақытымызға орай баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген банктің хабарламасында.
Банк мамандары дереу дүкенге барған. Олар оқиғаның себебін мұқият тексеріп жатыр.
Оқиға Талдықорғанда дүкендердің бірінде болды. Ата-анасының айтуынша, баласы терминалды ұстаған сәтте тоқ ұрған. Саусағын күйік шалған.
Облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через