Елордада Словения Президентінің бастамасымен сурет көрмесі өтеді

Елордада Словения Президентінің бастамасымен сурет көрмесі өтеді
фото: Kazinform/Аягөз Ізбасарова https://kaz.inform.kz/news

Словения Президентінің бастамасымен елордадағы мектептердің бірінде «Жас бал аралары бейбітшілікті жақтайды» тақырыбы бойынша сурет көрмесі өтеді.

Бұл туралы Ақордада елімізге ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусармен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атты.

— Ертең Словения Президентінің бастамасымен елордадағы мектептердің бірінде «Жас бал аралары бейбітшілікті жақтайды» тақырыбы бойынша сурет көрмесі өтеді. Өздеріңізге мәлім, Словенияның қоршаған ортаны қорғауға қатысты бастамасын БҰҰ-ның Бас ассамблеясы да қолдады. 20 мамыр Дүниежүзілік бал аралары күні болып белгіленді. Екі елдің оқушыларын халықаралық деңгейдегі осындай жобаларға тарту экология және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді деп сенемін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өзекті халықаралық және аймақтық мәселелер де назардан тыс қалмағанын бас айтты.

 — Қазақстан мен Словения арасында жаһандық деңгейде тығыз байланыс орнаған. Көптеген өзекті мәселе бойынша ұстанымдарымыз ортақ. Қазір геосаяси жағдай өте күрделі. Президент Пирц-Мусар екеуіміз әлемдегі қақтығыстарды БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарына сай бейбіт жолмен шешу қажет екенін құптадық. Көпжақты құрылымдар аясында ықпалдастықты одан ары күшейтуге мүдделі екендігімізді растадық, — деді Президент.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашу туралы бастаманы қолдағаны үшін Словения тарапынан ризашылығын білдіргенін айтты.

— Жалпы, бүгінгі келіссөздер жемісті болды деп күмәнсіз айтуға болады. Осы сапардың нәтижесінде қазақ-словен ықпалдастығы нығайып, жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз ортақ мақсаттарға қол жеткіземіз, — деді Мемлекет басшысы.

https://kaz.inform.kz/