
фото: pixabay.com
Әлемде сегіз миллиардқа жуық адам тұрады. Ал жаһандық статистикаға сүйенсек, жер бетінде бір миллиардтан астам автокөлік бар екен, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.
Бұған скутер, мотоцикл, қоғамдық көліктерді қоссаңыз. Бұдан бөлек сіздің балаңыздан басқа да жаяу жүргіншілер тағы бар. Егер сіз миллионнан астам халқы бар қалада тұрсаңыз күнделікті жаяу жүргіншілер және көліктер ағынын көріп -біліп жүрсіз.
Ресми статистикасы бойынша, ай сайын ел бойынша мыңнан астам бала жол-көлік оқиғасының қатысушыларына айналады.
Сондықтан балалар жол қозғалысы ережелерін білуі шар. ЖҚЕ - баланы үлкен қаланың қауіп-қатерінен қорғауға көмектесетін белгілі бір ережелер мен ескертулер жиынтығы. Бұл ережені балалар жатқа үйренсе, көп рет қайталаса, тәжірибеде сынап көрсе бұлдіршіндердің денсаулығы мен өмірді сақтауға көмегі тиері сөзсіз.

Фото: pexels.com.
Жаяу жүргіншілер жолағы қауіпсіз аймақ емес. Бұған рұқсат етілген жермен келе жатқан балаларды көлік қағып кету оқиғасының көбеюі дәлел, деп хабарлады qazaqstan.tv.
Жолдан өтудің талаптары мен ережелері бар екені белгілі. Дегенмен әсіресе балаларға келесі ережені мұқият түсіндірген абзал, дейді мамандар.
Жаяу жүргіншілер жолағына шықпас бұрын алдымен солға, одан кейін оңға қарап, жолдағы жағдайды бағамдаймыз. Одан соң көліктің тоқтағанына көз жеткіземіз.
Мұндай кезде құлаққап, телефон пайдаланбаған дұрыс. Велосипед, самокат немесе басқа да ұсақ техникамен жолға шығуға болмайды.
Бірінші қатардағы көлік тоқтады екен деп, жолдан жүгіріп өтпеген де дұрыс. Өйткені екінші қатарда келе жатқан көлік жүргізушісі сізді көрмей қалуы мүмкін. Ал жүк көлікгінің көру аймағы өте кішкентай. Дәл жанындағы адам «соқыр аймақта» қалып қоюы мүмкін.
Сондықтан балалар жолдан тек ересек адамдармен бірге өткені дұрыс, дейді мамандар.
Балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік әрқашан үлкендерге жүктеледі. Олар балаларын Жол жүру ережесімен таныстырып қана қоймай, оларға лайықты үлгі болуға міндетті. Ешқашан рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтуге жол бермеңіз. Есіңізде болсын, сіз жолды қалай кесіп өтсеңіз, мұны көрген сіздің балаңыз соны қайталайды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через