
фото: СС0 / congerdesign
Күне кеше Каспий жағалауында "Ақтау – түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы" жылының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан, Венгрия елдерінен мәртебелі меймандар қатысты. Алаңға 100 мыңға жуық адам жиналған болатын.
Облыстық полиция депаратментінің мәліметіне сәйкес, мерекелік шара кезінде 100-ден астам бала мен жасөспірім ата-анасын табай алмай қалған. Олардың бәрін арнай киіз үйге орналастырды. Сол жерден ата-аналары алып кетті.
"Ең үлкен бала 15 жаста, ал кішісі бесік арбада болды. Қазіргі кезде барлығы ата-анасына қайтарылды. Сахнадан жоғалған балаларды арнайы киіз үйден табуға болатынын хабарлап отырды. Жалпы, ондай жағдайлар әрбір шарада болып тұрады", - дейді полицейлер.
Сол күні 1 500 полицей мен ұлттық ұлан сарбазы қоғамдық тәртіпті бақылады. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары да балалар мен жасөспірімдерді іздеуге көмектесті.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через