Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты

Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты
фото: https://pixabay.com/ru/

Алматыда тоқтап тұрған троллейбусқа автобус соқтығысып, 10 адам зардап шекті.

Оқиға бүгін сағат 11:45-те болған.

"Аялдамада тоқтап тұрған троллейбусқа автобус соқтығысты. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүріп жатыр", - дейді ведомстводағылар.

Салдарынан 10 адам зардап шеккен, оның үшеуі – бала.

"Жедел медициналық жәрдем қызметі қалалық стационарларға жол апатынан зардап шеккен 10 адамды жеткізді. Жеті ересек адам орталық қалалық клиникалық ауруханаға, үш бала шұғыл медициналық жәрдем орталығына жіберілді", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Зардап шеккендердің барлығы қажетті тексерулерден өтті. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар тұрғылықты жері бойынша емханада бақылау ұсыныстарымен үйлеріне жіберілді.

ҚазАқпарат