Алкогольге тәуелділіктен арылту үшін науқасқа «арнайы чип» енгізіледі

Алкогольге тәуелділіктен арылту үшін науқасқа «арнайы чип» енгізіледі
фото: pixabay.com

Қытайдың Аньхой провинциясындағы Фуян ауруханасында өңірде алғаш рет алкогольге тәуелділіктен арылтатын «арнайы чип» енгізу бойынша операция жасалды, деп жазады kaz.inform.kz.

«Сергектік чипі» - электронды құрылғы емес. Ол дәрілік препараттар салынған капсулалар, олар шағын инвазивті процедуралар арқылы енгізіледі, деп түсіндірді Фуянның Үшінші халық ауруханасындың өкілдері. Бұл әдіс бойынша операция 9 сәуір күні жасалған.

Капсулалар психологиялық тұрғыда адамның алкогольге деген тәбетін басып, асқынуын тежейді. Пациент 20 жылдан астам уақыттан бері алкоголь тұтынып келген 40 жастағы ер адам болды.

Фуян ауруханасы жуырда Қытайдың өзге қалалаларында бұрын қолданылып келген жаңа әдісті енгізді, деп жазды жергілікті БАҚ.