Абай облысында аспалы көпір үзіліп, 3 адам көз жұмды

Абай облысында аспалы көпір үзіліп, 3 адам көз жұмды
фото: бейнеден скриншот

Қайғылы жағдай Аягөз ауданы Ақшәулі ауылында орын алды.

Шаруа қожалығының 3 жұмысшысы ағаш аспалы көпір арқылы мотоцикл алып өтпек болған.

Куәгерлердің айтуынша, марқұмдар тепе-теңдік сақтай алмай, барлығы өзенге құлап кеткен.

Құтқарушылар кеше 1980 және 1978 жылы туған 2 азаматтың денесін тапты. Артынша, 1967 жылы туған үшінші ер адамның мәйіті судан шығарылды.

Абай облысының Полиция департаменті тергеу амалдарын қолға алды.

ҚазАқпарат