Жаңа туынды көрерменге жол тартады

Жаңа туынды көрерменге жол тартады
фото: https://baribar.kz/

        Қазақ киносының классикасы саналатын “Менің атым Қожа” фильміне негізделген жаңа туынды көрерменге жол тартты. 

       "Қожа. Жаңа саяхат” деп аталатын жаңа форматтағы фильмнің тұсаукесері  өтті. 13 наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі. Туынды авторлары бұл фильм толықтай Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" шығармасы желісімен түсіріліп, Қожаның жасөспірім шағы баяндалады. Фильмнің басты идеясы, дәстүр мен жаңашылдықты үндестіріп, ұрпақтар арасындағы байланысты көрсету.