
фото: pixabay.com
Халықаралық ұйқы медицинасы қауымдастығының бастамасымен жыл сайын Дүниежүзілік ұйқы күні аталып өтеді, деп хабарлайды Анадолы.
Мерекенің мақсаты — дұрыс ұйықтау режимінің маңыздылығын еске салу. Бұл күні ұйқының бұзылуы және оның адам денсаулығына әсері туралы түрлі іс-шаралар өтеді.
Дүниежүзілік ұйқы күні наурыздың екінші аптасында, жұма күні өткізіледі. Биыл ол күн 14 наурызға тура келді.
Ұйқы — теңдестірілген тамақтану және тұрақты жаттығулармен қатар физикалық және психикалық денсаулықтың негізгі элементтерінің бірі.
Биыл Дүниежүзілік ұйқы күні «дұрыс ұйықтау режимін басымдыққа айналдырайық» ұранымен өткізілді.

Фото: pixabay.com.
Ұйқы ала алмау, түні бойы жиі ояну және таңертең ұйқының қанбауы сынды шағымдар ұйқы сапасының төмендігін айғақтайды. Бұл мәліметтер АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) деректерінен алынды.
Дұрыс ұйықтау режимі — адамды жүрек-қантамырлар ауруларынан, қант диабетінен, гипертониядан және тіпті жол-көлік оқиғаларынан да қорғайды. Сонымен қатар, салмақты, зат алмасу процесін, күйзеліске төзімділікті қалпына келтіреді.
Ұйқы сапасын жақсарту үшін, ең әуелі, ұйқы режимін сақтап, ұйықтауға ыңғайлы жағдай жасау керек. Сонымен қоса үнемі жаттығу жасауды әдетке айналдырып, теңдестірілген тамақтануға бет бұру қажет. Бұдан бөлек ұйқыдан кем дегенде жарты сағат бұрын электронды құрылғыларды пайдаланбай, тойып тамақтанудан, құрамында кофеині бар сусындарды ішуден бас тартқан жөн.

Фото: pixabay.com.
Дегенмен, дүние жүзіндегі көптеген адамға ұйқысыздық, мазасыз аяқ синдромы, нарколепсия (күндізгі уақыттағы шамадан тыс ұйқышылдық және ұйқысының қалыптан тыс фазасы) және апноэ тәрізді диагноздар қойылады. Бұл бұзылыстар адамға сапалы ұйқы режимін қалыптастыруға кедергі келтіреді.
2024 жылдың қыркүйегінде АҚШ-тағы ұлттық ұйқы қоры сауалнама жүргізді. Оған 1372 ересек респондент атсалысты. Оның нәтижесіне сәйкес ұйқының сапалы болуы күнделікті жұмыстың өнімді болуына әсер ететінін көрсетті.
2024 ResMed жаһандық ұйқыны зерттеу жұмысының нәтижесі де сапалы ұйқы мен жұмыс өнімділігінің өзара байланысы бар екенін растады. Сауалнамаға 17 елден (Аустралия, Бразилия, Қытай, Франция, Германия, Гонконг, Үндістан, Ирландия, Жапония, Корея, Мексика, Жаңа Зеландия, Сингапур, Тайвань, Таиланд, Ұлыбритания және АҚШ) 36 мың адам қатысты.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через