
фото: kuhnyas.com
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, 19 наурыз күні Түркістанда 2,5 тонна Наурыз көже дайындалады.
Басты мақсат – береке мен молшылықтың символы болған ұлттық тағамды дәріптеу.
Шара «Керуен Сарай» кешенінде өтеді.
Наурыз көжені арнайы белгіленген орындарда 150 теңгеден сатып алуға болады. Ал, жиналған барлық қаражат балалар үйіне қайырымдылық ретінде беріледі.
Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда Наурыз мерекесіне байланысты бірнеше көше уақытша жабылатындығын жазған болатынбыз.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через