Суши, фаст-фуд тағамдарына әуестенбеңіз

Суши, фаст-фуд тағамдарына әуестенбеңіз
фото: pixabay.com

Соңғы уақытта мейрамханаларда жапон тағамдарын ұсыну сәнге айналды. Әр секунд сайын дерлік осындай мекемеде фаст-фуд, суши және басқа да экзотикалық тағамдарға тапсырыс беруге болады, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы. 

Бұл тағамдардың біздің денсаулығымызға зияны қандай, әлде пайдасы бар ма, Осыны  түсінуге тырысайық.

 Нағыз жапондық суши аз қайнатылған, ысталған немесе шикі балықтан, күріштен және арнайы соустан дайындалады.

Оған теңіз балдырлары, көкөністер және имбирь жиі қолданылады. Суши дайындау үшін барлық ингредиенттер сығымдалған теңіз балдырына оралып, бірнеше бөлікке кесіліп, аударылады. Үстіне шикі балықтың кесектері қойылады. Барлық әдіс қолмен жасалады.

Фото: pixabay.com.

Шикі балық үнемі қайнатылған, бабымен пісірілген тағамдарды жеп үйренген  адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ең алдымен, мұндай өнімдер теңіз балықтарын 100% жұқтыратын паразиттерді тудыруы ықтимал. Құрттарды  тасымалдайтын мұндай паразиттер мұздатылған немесе 100 градустан жоғары қыздырылған кезде ғана өледі. Кептіру, ыстау және тұздау барысында олар жойылмайды. 
Ал шикі балықты жиі тұтынған кезде бауыр ісігінің қаупі бірнеше есе артады.

 Сушиді соя тұздығымен қатар ұсынылады. Ал тұздықтың құрамында көп тұз бар, әр қасықта бір грамм. Адам үшін тәуліктік норма 8 грамға дейін. Тұзды шамадан тыс тұтыну денеде ісіну мен сұйықтықтың сақталуына әкеледі. Оның артық мөлшері буындарға жиналады, соның салдарынан буындар  икемділігін жоғалтады. Осыдан барып остеохондроз дамиды.

Фото: pixabay.com.

Аталған тағамның зияны теңіз балдырлары мен мұхит балдырларын тұтынуға байланысты артады. Олар йодтың жоғары мөлшеріне бай. Ағзада йод көп болса, қалқанша безіне кері әсер етеді. Бір орамда шамамен 92 мкг бар, ал күнделікті норма 150 мкг аспайды.

Дүниежүзілік мұхиттың ластануы салдарынан балықтардың кейбір түрлерінің бойына  зиянды және улы заттар жинала бастады. Мысалы, тунец сынапты жинақтайды, ал осы  балық қосылған суши адам ағзасына қауіпті. Бұл әсіресе балалар мен жүкті әйелдерге зиянды. Сынаптың ең аз дозасы да эмбрионның миында қайтымсыз өзгерістерді тудыруы мүмкін және ол шақалақтың ақыл-ойын тежейді. Көптеген сарапшылар қазірдің өзінде тунец қосылған сушиді мейрамханаларда бермеуді ашық талап етіп жатыр.

Сондықтан мұндай жеңсік асқа тапсырыс беретін кезде асықпаңыз, алдымен деніңіздің саулығын ойлаңыз. Әйтпесе, елімізде адамдардың фаст-фуд тағамдарын жегеннен кейін жағдайы күрт нашарлаған оқиғалар жиі қылаң беріп жатыр.

 

Фото: pixabay.com.

Мысалы Түркістанда тапсырыспен фаст-фуд тағамдарын алдырған 57 адам астан уланып қалды, деп жазды qazaqstan.tv. Қаладағы «Ямми Маки» дәмханасынан жеткізілген пицца, чикен және сушиді жеген тұрғындардың жағдайы күрт нашарлап, жаппай орталық ауруханаға түскен. Олардың үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылса, өзгелері жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Араларында кәмелет жасына толмаған 28 бала да бар. Оларға бактериялық астан улану диагнозы қойылған. 

Осы жағдайдан кейін Түркістан қаласының полиция басқармасы аталған дәмхананы мөрлеп, жауып тастады. Адамдардың жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ондағы қызметкерлердің медициналық кітапшалары болмай шықты. Кейбірінде мерзімі өткені анықталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Ал жағдайы біршама жақсарған науқастар үйіне қайтарылды.

Бүгінгі таңда 22 науқас токсикалық тағамды инфекция диагнозымен емделіп жатыр. Оларға болжамды жағдай қойылған. Барлығының жағдайы қазіргі уақытқа қалыпты. 22 науқас инфекциялық стационардың оқшауланған палаталарында ем алып жатыр, деп мәлімдеді Түркістан қалалық орталық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі Мутабар Шерметова.