
фото: https://qazaqstan.tv/index.php/
20 наурыздан бастап «Шоқан. Қашқария сапары» атты толықметрлі мультфильмі еліміздің барлық кинотеатрынан үлкен экранға жол тартты. Бұл «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Balapan» телеарнасы ұсынып отырған толықметрлі алғашқы анимациялық туынды.
Фильмнің басты кейіпкері 8 жасар Азат есімді бала мен Шоқан Уалиханов. Оқиға баланың уақыт компасы арқылы кенет 1858 жылға, Қашқарияға бара жатқан керуенге тап болуынан басталады. Осылайша болашақтан келген бала мен ғалымның жолы бір арнаға тоғысады. Әрі қарай хикаяны кинотеатрдан тамашалаңыздар. Тарихымызды танитын туындыны тамашалауға балаларыңызбен бірге шақырамыз. Тағы қайталап өтейік 20 наурыздан бастап «Шоқан. Қашқария сапары» атты толықметрлі мультфильмі еліміздің барлық кинотеатрында көрсетілімге шықты. Отандық анимацияны бәріміз бірге қолдайық!
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через