Солтүстік Македонияда дискотека кезінде 51 адам қаза тапты

Солтүстік Македонияда дискотека кезінде 51 адам қаза тапты
фото: CC0 / Daniel Lages

Македониялық DNK тобының концерті кезінде пиротехникалық құралдарды пайдаланды деген болжам бар

Солтүстік Македонияның Кочани қаласындағы түнгі клубта болған өрт кезінде 51 адам қаза тапты. Бұл туралы осы елдің ішкі істер министрі Панче Тошковски мәлімдеді.

Қайғылы оқиға кезінде жүздеген адам жарақат алды.

"Соңғы мәліметке сәйкес, төтенше жағдай кезінде дискотекада 51 адам қаза тапты. Бұдан бөлек, 100-ден астам адам ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетілді", - деді Тошковски бүгінгі тікелей эфирде.

Айта кетері, түнгі сағат 03:00-де "Пульс" түнгі клубынан өрт шықты. Македониялық DNK тобының концерті кезінде пиротехникалық құралдарды пайдаланды деген болжам бар. Соның салдарынан ғимарат отқа оранды. Концертке бір жарым мың адам келген.

Оқиға орнына премьер-министр Христиан Мицкоски мен үкімет мүшелері барды.

ҚазАқпарат