Салықтар толық төленбейтін болса, салдары қиын

Салықтар толық төленбейтін болса, салдары қиын
фото: https://inbusiness.kz

Салық мәдениеті дегеніміз азаматтар мен бизнестің салық төлеу маңыздылығы туралы түсінігінің деңгейі, сондай-ақ олардың осы қаражатты қайта бөлу мәселелерінде мемлекетке деген сенімі.

Салықтар толық төленбейтін болса, салдары қиын

Егер қоғам салықтардың нақты қажеттіліктерге, атап айтқанда, инфрақұрылымды, медицинаны, білім беруді, әлеуметтік бағдарламаларды дамытуға жұмсалатынын түсінсе, онда салық тәртібі жоғары болады. Салық төлеушілер бюджеттің тиімсіз жұмсалуын, жемқорлықты көрсе, бұл сенімсіздікке әкеледі және олар көлеңкеде қалуға әрекеттенеді. Ел экономикасы үшін жоғары салық мәдениеті тұрақты бюджеттік түсімдерді, салық жүктемесінің шамадан тыс өсуінсіз мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру мүмкіндігін, сондай-ақ қолайлы инвестициялық ахуалды білдіреді.

Салық – мемлекетті қаржыландырудың негізі. Соның есебінен жолдар, мектептер, ауруханалар салынып, әлеуметтік бағдарламалар қаржыландырылады, елдің қорғаныс қабілеті қамтамасыз етіледі. Егер салықтар толық төленбейтін болса, салдары қиын. Екіншіден, адал салық төлеушілерге жүктеме артып келеді. Азаматтар мен бизнес салықтан жалтарған сайын, адал салық төлеушілер үшін мөлшерлемелер соғұрлым жоғары болады.

Тұрақты әрі әділ салық жүйесі – бюджетті толықтыру мәселесі ғана емес, ел экономикасының ұзақ мерзімді дамуына әсер ететін фактор.

ҚҚС туралы айтсақ, бұл – жанама салық. Ол көп жағдайда қарапайым адамдарға көбірек әсер етеді, себебі ол тауардың құнына салынып, оны соңғы тұтынушы төлейді. Адам неғұрлым аз ақша табатын болса, соғұрлым табысының негізгі бөлігін бастапқы қажеттіліктегі тауарларды тұтынуға жұмсайды, демек, ол мемлекетке ҚҚС түрінде пропорционалды түрде көбірек береді. Бұл салықтың өсуі халықтың әлеуметтік осал топтарына сөзсіз әсер етеді. Дегенмен, жаңа Салық кодексімен жұмыс істеу барысында бизнес пен экономиканы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмектесетін теңдестірілген шешімдерді табуға болады деп үміттенемін.

Максим Барышев

ҚазАқпарат