Қырғызстан басқа елдердің төлқұжаттарын шығара бастады

Қырғызстан басқа елдердің төлқұжаттарын шығара бастады
фото: pixabay.com\kaz.inform.kz

 Қырғызстан басқа елдердің төлқұжаттарын шығара бастады. Бұл туралы бүгін Қырғыз Республикасы Президенті Іс басқармасының басшысы Қаныбек Тұманбаев мәлім етті, деп хабарлайды Кabar ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, Қырғыз Республикасы өткен жылдан бастап жалпы азаматтық төлқұжаттарды өзі шығара бастаған.

- Бұдан басқа, біз тағы екі мемлекеттің төлқұжатын дайындауға тапсырыс алдық. Бұрын басқа елдерде төлқұжатты ақша төлеп рәсімдейтін болсақ, қазір басқа елдер бізге тапсырыспен жүгініп жатыр, - деп баяндады Тұманбаев.

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.