Оңтүстік Кореяда 6 мың гектардан астам орманды алқап күлге айналды

Оңтүстік Кореяда 6 мың гектардан астам орманды алқап күлге айналды
фото: https://pixabay.com/ru/

1 жарым мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Өрт жұма күні Санчхон округінің айналасында басталған. Елдімекен мен Сеулдің арасы 250 шақырым.

Ресми мәліметке сүйенсек, елдің оңтүстік-басында 6 мың гектардан астам алқап жанып кетті. 4 адам қаза тауып, тағы 6 адам ауыр жарақат алды. Барлық қаза тапқандар Санчхон ауданынан табылған.

Жергілікті билік табиғи апатқа байланысты қауіпті өңірлерде төтенше жағдай жариялады.

Өртті сөндіруге 9 мыңнан астам маман жұмылдырылып, 100-ден астам арнайы техника қолданылып жатыр.

Бірақ мамандардың айтуынша, бұған жел көп кедергі келтіріп отыр.

ҚазАқпарат