
фото: www.zharar.com
Биыл еліміздің түкпір-түкпірінде Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып, жүздеген мәдени іс-шара өтеді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Әр өңірде ұлттық дәстүрлерді, музыканы, гастрономияны және заманауи технологияларды біріктірген ерекше бағдарламалар әзірленген.
Алматы
«Алматы — Наурыз құшағында» гала-концерті (21 наурыз, 11:00, Астана алаңы) — «Дос-Мұқасан» ансамблі, Майра Мұхамедқызы, КешYou тобы және басқа да өнерпаздардың қатысуымен өтеді.
Juldyzdy Almaty (21-22 наурыз, 18:00, Астана алаңы) — танымал әншілер қатысатын кешкі музыкалық фестиваль.
Nauryz Fest фестивалі (21-25 наурыз, Абай алаңы) — VR-инсталляциялармен безендірілген интерактивті киіз үйлер, Абай Құнанбайұлына арналған көрме, қолөнер жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары және кешкі концерттер.
«Түркі әлемінің мега жұлдыздары» концерті (22 наурыз, 20:00, Almaty Arena) — Sadraddin, Mustafa Sandal, Roza Zergerli, Burak Özçivit қатысады.
5000 адамнан құралған хор (22 наурыз, 9:30, Абай даңғылы) — Абай әндерін орындайды.
«Наурыз тойы — мерекем» кітап жәрмеңкесі (21-25 наурыз, Арбат) — жазушылармен кездесу, поэзиялық кештер.
Панфилов көшесіндегі креативті фестиваль (21-22 наурыз) — VR-экспириенстер, робот-даяшылар, арт-инсталляциялар.
Астана
Көшпенділер өркениеті фестивалі (21-22 наурыз) — этнографиялық реконструкциялар, көрмелер және аспаздық шеберлік сабақтары.
Ұлттық спорт жарыстары (21-23 наурыз) — қазақша күрес, асық ату, гір көтеру жарыстары.
Орталық алаңдардағы мерекелік концерттер (21-22 наурыз) — отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Түркістан
«Түркістан — түркі әлемінің рухани астанасы» туристік маусымының ашылуы (19 наурыз) — мерекелік шеру, концерттер, тарихи қойылымдар.
«Көне түркі дәстүрі» этнофестивалі (22 наурыз) — ұлттық ойындар, қолөнер шеберлік сабақтары, салт-дәстүрлер.
Бекзат Саттархановты еске түсіруге арналған XXIII халықаралық бокс турнирі (30 наурыз — 4 сәуір) — үздік боксшылар қатысатын беделді жарыс.
Шымкент
«ДәмДәсTour» гастрономиялық фестивалі (30 наурыз, Әл-Фараби алаңы) — палау, кәуап, самса, наурыз-көже әзірлеу байқауы, «Қазақстандағы ең үлкен самса» гастрорекорды.
Алматы облысы
Орталық алаң — 25 киіз үй, салт-дәстүрлер, эстрада жұлдыздарының концерті.
Қонаев көшесі — қолөнер жәрмеңкелері, аспаздық шеберлік сабақтары.
Қалалық саябақ — асық ату, қазақша күрес, фотозоналар.
Қыдыр ата мен 100 домбырашының театрландырылған шеруі (21 наурыз) — Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған ауқымды музыкалық қойылым.
Айта кетелік астанада аудандар бойынша 21-22 наурыз күндері Наурыз мейрамына орай қандай іс-шаралар өтетінін туралы жазған едік.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через