
фото: Myanmar Now
300 адам жоғалып кетті
Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны шамамен 1,7 мыңға дейін өсті, 3,4 мың адам зардап шекті, тағы 300-і жоғалып кетті.
Осыған дейін Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1644-ке дейін жеткені белгілі болатын.
"Елдің мемлекеттік әкімшілік кеңесінің мәліметі бойынша, Мьянмадағы қатты жер сілкінісі салдарынан 1,7 мыңға жуық адам қаза тапты, 3,4 мың адам зардап шекті, ал 300-і хабар-ошарсыз кетті", - деп хабарлайды агенттік.
Еске сала кетейік, жұма күні Мьянма аумағында 7,7 баллдық жер сілкінісі болды, көршілес бес елде, соның ішінде Таиландта да жер сілкінді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через