
фото: Fastana.citypass.kz
Лос-Анджелестегі қазақ дәмханасына баратындар көп. Атауы да қазақы – «Нарын». Жерлестеріміздің жарты жыл бұрын ғана бастаған шағын кәсібі жырақта жүрген отандастарымыз ғана емес, америкалықтарға да ұнай бастаған.
Аспанмен таласқан ғимараттар, Арқа мен Алатауға таңсық пальмалар, Тынық мұхитынан соққан қоңыр салқын самал жел деп келе жатқанда мұрныңызға қазақы дастарқанның иісі келуі мүмкін. Бұл қалай дейсіздер ғой. Оған дөгелектегі дәмхананы кәсіпке айналдырып отырған жерлестеріміз себепкер.
«Нарын» деп аталатын фудтрак – Лос-Анжелестегі қазақ тағамын дайындайтын алғашқы дәмхана. Кәсіпті екі отбасы бірігіп ашқан. Мәзірінде нарын, қуырдақ, палау, тұшпара, манты, самса, тандыр нан мен көже бар. Жақында ашылса да, тағамдары жұрттың көңілінен шығып, келушілер қарасы көбейген.
Кәсіпті дөңгелетуде Темірланның жанұясына бажасы Ержан Үркімбаев пен балдызы Ақылзат Адырбаева қол ұшын беріп келеді. Азаматтар төл тағамдарымызды әзірлеуге таңғы төрттен бастап кіріседі. Мәзірлерді дайындауға қажет басты шикізат жылқы етін өзге қаладан арнайы тапсырыспен алдырады.
Жерлестеріміздің дәмханасына жиі бас сұғатын өзге ұлт өкілдері нарын деген сөзді жаттап алған көрінеді. Күніне жүзге жуық қонақ келетін дәмхана АҚШ-тағы жерлестіріміз бен Орталық Азия елдерінен шыққан азаматтардың бас қосатын сүйікті орнына да айналып келе жатыр.
«Нарын» АҚШ-тағы санаулы қазақ дәмханаларының қатарын арттырып, халқымыздың мәдениетін дәріптеуге үлес қосып келеді. Пицца мен паста секілді қазы мен нарынды шетелдіктердің арнайы тапсырыспен алдыратын тағамға айналатын күні де алыс емес сияқты.
https://24.kz/kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через