
фото: https://pixabay.com
Экологтар әрбір қазақстандық күн сайын орта есеппен бір килограмға жуық қоқыс шығаратынын айтады. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, тек былтыр елімізде 4,8 млн тонна коммуналдық қалдық шығарылды. Жыл сайын қоқыс көлемі артып келеді. Ұлттық статистика бюросының есебінше, шығарылған қоқыс көлемі 2023 жылы 4,1 млн тонна, 2022 жылы 3,8 млн тонна болған. Жалпы, елде қазір 125 млн тоннадан астам қоқыс тау болып үйіліп жатыр. Кей мемлекеттер үшін бұл нағыз «Клондайк». Мәселен, Швеция өзінің барлық қалдықтарының 98% қайта өңдейді, тіпті қатты тұрмыстық қалдықты табыс көзі ретінде шетелден сатып алады. Ал Қазақстанда қоқыс әзірге өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Бұл проблема оны жинаған сәттен басталады.
Көптеген шетелдіктердің тәжірибесінен-ақ қоқыс табиғатты ластаушы ғана емес, керемет табыс көзі екенін көруге болады. Қазақстан алдында бүгінде таңдау бар: әрі қарай қоқысқа бату, өйткені оны жоятын мүмкіндік жоқ немесе қайта өңдеуді экономиканың толыққанды саласына айналдыру арқылы мәселені ғана шешпей, пайдаға кенелу.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через