Бетін түк басқан үндістандық жігіт рекорд орнатты

Бетін түк басқан үндістандық жігіт рекорд орнатты
фото: championat.com/guinnessworldrecords

 Бетін түк басқан үндістандық жігіт Лалит Патидар  Гиннесс рекордтар кітабына енді. 18 жастағы бозбала «Бөрі синдромына» шалдыққан.  

 Гиннесс рекордтар кітабына енген жігіт гипертрихозбен ауырады екен. Сирек ауруға шалдыққан адамның денесін түк басады. Лалиттің бетінің 95 пайызын түк басқан. 

Терінің бір шаршы сантиметрінде 20 мыңнан аса тал шаш бар. Лалит — орта ғасырдан бері дүниежүзіндегі 50-ге жуық аталмыш синдромы бар адамдардың бірі. Бұл оны миллиард адамның ішінде бірегей етеді, деп жазды ktk.kz.

Патидар өзінің ерекшелігіне байланысты бала күнінде келеке-мазақ пен қорлыққа көбірек болғанын айтады. 

«Адамдар менен қорқады, бірақ таныса, арамызда көп айырмашылықтар жоқ екенін түсінеді, дейді Лалит Патидар.

Лалит өзін және оны бірегей ететін нәрсені толығымен қабылдайды. Рекордшыжігіттің өзінің  YouTube арнасы бар және көпшілікті осы арнаға  қосылуға шақырады.