Австралияда жасанды жүрекпен өмір сүретін әлемдегі алғашқы адам тұрады

Австралияда жасанды жүрекпен өмір сүретін әлемдегі алғашқы адам тұрады
фото: https://www.istockphoto.com/

       Австралияда 40 жастағы ер адам толық жасанды жүрекпен 100 күн өмір сүріп, рекорд орнатты.

       2024 жылдың қарашасында Сидней хирургтары 6 сағаттық операция кезінде науқасқа титан BiVACOR толық жасанды жүректі имплантациялаған. Бұл жасанды жүректің алдындағылардан айырмашылығы, оның механикалық бөліктері тозбайды.

       Құрылғыны австралиялық өнертапқыш Даниэль Тиммс жасаған. Бала кезінде әкесімен бірге су сорғыштарын жөндеген ол бұл салаға қатты қызыққан. Әкесі кейінірек жүрек ауруынан қайтыс болған, бұл жағдай Тиммсті жасанды жүрекпен жұмыс істеуге итермелеген.

       Ол 2024 жылдың шілдесінде Техас жүрек институтында науқасқа алғашқы жасанды жүректі имплантациялады, бірақ күткен нәтиже болмады. Бұл жолы Австралиядағы науқас құрылғымен өмір сүріп жатқанына 100 күн болды. Қазір оның жағдайы жақсы.

       Қазіргі уақытта BiVACOR жүрегі сыртқы батареядан қуат алады, бірақ болашақта сымсыз зарядтау технологиясы енгізілуі мүмкін.

       Австралияда жыл сайын шамамен 5000 адам жүрек ауруларынан қайтыс болады. Елде донор тапшылығына байланысты жүрек трансплантациясы 19 пайызға қысқарған. Ал BiVACOR болашақта адамның жүрегін ауыстыруда оң шешім болуы мүмкін.

       Биыл Австралияда тағы төрт пациентке BiVACOR жүректерін орнатылады.

       https://kaz.inform.kz/